Сіздің қолдауыңыз бізге де, көмекке мұқтаж жандарға да аса маңызды.
12 000 ₸
7000 ₸
5 000 ₸
Біз Қазақстан халқын адам қадір-қасиетін сақтай отырып гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етеміз.
Қазақстанда жыл сайын техногендік және табиғи сипаттағы 10 000-нан астам төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркеледі. Қазақстан Қызыл Жарты Айы қауымдастықтардың апаттарға дайындық жүйесін митигациялық іс-шаралар, халықты оқыту, еріктілерді даярлау және резервтік қорлар құру арқылы дамытады. Төтенше жағдайлар кезінде біз зардап шеккен халыққа жедел гуманитарлық көмек көрсетеміз.
Күн сайын көптеген адамдар өздігінен шығу мүмкін емес жағдайға тап болады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес (2024), орта есеппен отандастарымыздың 5 %-ының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. «Жақсылық сәлемдемелері» және «FoodBank» жобалары аясында біз ең осал топтарға азық-түлік көмегін көрсетеміз.
Елде серіктессіз бала тәрбиелеп отырған әйелдер саны артып келеді, олар көбінесе қаржылық қиындықтар мен әлеуметтік оқшаулануға тап болады. «Тек Ана» жобасы аналарға негізгі қолдау алуға көмектеседі — азық-түлік, балалар тауарлары, заңгерлік және психологиялық кеңестер
Орталық көру қабілеті бұзылған адамдардың тәуелсіздігін арттыру және әлеуметтік интеграциясын күшейту мақсатында компьютерді және ұялы қосымшаларды пайдалану дағдыларын үйрету үшін құрылған.Онлайн қызметтерге төлем жасау, қала ішінде қозғалу үшін навигаторды пайдалану және күнделікті өмірдегі көптеген басқа әрекеттер Орталық тыңдаушылары үшін қолжетімді болуда.
Елдегі ең ірі гуманитарлық ұйым ретінде біз әлеуметтік осал топтарды қолдап, 1937 жылдан бері төтенше жағдайларға әрекет етіп келеміз.
82 000
адам алғашқы көмек көрсету бойынша біздің оқытуымыздан өтті
70 000+
апаттардан зардап шеккендер гуманитарлық көмек алды
400 000+
Адам біздің әлеуметтік бастамаларымызға алғысын білдірді
51 000
тыңдаушы халықаралық гуманитарлық құқық туралы көбірек білді
Қазақстан Қызыл Айы — корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын және ESG-бастамаларды іске асыруда бизнес үшін сенімді серіктес.
Біз компанияларға әлеуметтік әсерді, ашықтықты және ұзақ мерзімді қатынастарды біріктіретін ынтымақтастық форматтарын ұсынамыз.
Бірлесіп біз осал топтарды тұрақты жобалар арқылы қолдай аламыз, қызметкерлерді тартамыз және төтенше жағдайларға әрекет ете аламыз.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймыз.
donation@redcrescent.kz 8 701 318 99 65Мы уважаем вашу конфиденциальность и обязуемся защищать персональные данные, которые вы предоставляете при использовании нашего сайта.
Собираемые данные могут включать имя, адрес электронной почты, номер телефона и другую информацию, необходимую для предоставления услуг.
Мы используем ваши данные исключительно для улучшения качества обслуживания, связи с вами и выполнения обязательств по предоставляемым услугам.
Ваши данные не будут переданы третьим лицам без вашего согласия, за исключением случаев, предусмотренных законодательством.
Вы имеете право запросить доступ, исправление или удаление ваших персональных данных, связавшись с нами через контактную форму.
Используя наш сайт, вы соглашаетесь с данной Политикой конфиденциальности.