Алматыда ХҚКжҚАҚФ қолдауымен Орталық Азия елдерінің ұлттық қоғамдары көшбасшыларының кездесуі өтті.

Талқылау тақырыбы "көші-қон, гуманитарлық дипломатия және Ұлттық қоғамның дамуы". Кездесу аясында аймақтық контекст, басымдықтарды белгілеу және қатысушы елдердің әрқайсысының Қызыл Ай қоғамдарының мүмкіндіктерін анықтау қарастырылды.