Соңғы 9 күн ішінде Қызыл Айдың Павлодарлық филиалының еріктілер командасы Екібастұздағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде.

Алғашқы күндерден бастап қажеттіліктерді бағалау жүргізілді, шұғыл қызметтердің ішінен төтенше жағдайды жоюшылар ыстық шаймен және құрғақ азықтармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, зардап шеккен халыққа:
- 100 азық-түлік жиынтығы
- 150 жылы көрпе
- 30 жылытқыш
- 30 жөргек(памперс) қаптамасы.
- 700 кг-нан астам гуманитарлық көмек (халыққа жылы киім)
- 10 матрас түрінде көмек көрсетілді.