Сіз жүрекпен көресіз

Біздің қолдаушыларымыз өзгелер байқамай қалуы мүмкін жандарды көреді.

icon

10 000 ₸

Өмірдің қиын кезеңіндегі «Ізгілік сәлемдемелері»

Тоңазытқышты ғана емес, жүректерді де үмітке толтырыңыз

icon

7 000 ₸

Алғашқы көмек көрсетуге үйрету

Адамдарға өмірді сақтап қалуға көмектесіңіз

icon

5 000 ₸

Көру қабілеті шектеулі адамдарға цифрлық дағдыларды үйрету

Адамға әлемді қайта көруге және өз бетінше өмір сүруге мүмкіндік сыйлаңыз

Тұрақты қайырымдылықты рәсімдеу

Қайырымдылық сомасы:

Кімге көмектесемін

Біздің қолдаушыларымыз саналы түрде көмектеседі. Олар кімге көмектесіп жатқанын біледі, қолдауының нәтижесін көреді және тұрақты түрде есеп алады.


Біз әрбір қайырымдылықтың адам өмірін қалай өзгертетінін көрсетеміз.

block image

Менің атым Диляра, әлемді көзбен емес, жүрекпен көремін

2012 жылы маған аутоиммундық ауру диагнозы қойылды. Уақыт өте көру қабілетім нашарлап, таныс әлемімнің түстері қараға ауысты. Жұмыс, отбасы, үйреншікті өмір — бәрі алыстап кеткендей. Енді қалай өмір сүретінімді білмедім. Жақындарымның қолдауы және Қазақстанның Қызыл Айынан алған сабақтардың арқасында мен өмірімді қайта қолға алдым: қазір йогамен айналысамын, итальян тілін үйреніп жүрмін, әрі көру қабілеті нашарлаған жандарға арнап Telegram арнасында тәжірибеммен бөлісемін. Мен ең маңызды ақиқатты түсіндім: ауруды қабылдау — берілу емес. Кейде бұл өмірді тереңірек көруге, махаббат пен қамқорлықтың шынайы күшін сезінуге жол ашады.

block image

Менің атым Андрей. Дағдыларым адам өмірін сақтап қалды

Әр таң сайын өзіме: «Бүгін әлемге қандай пайда келтіре аламын?» деген сұрақ қоятынмын. Жақсылық жасағым келді, сол ниет мені Қазақстанның Қызыл Айына алып келді. Онда мен алғашқы көмек көрсету бойынша оқудан өттім. 2019 жылғы қыркүйекте Боралдай ауылы маңындағы теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысқан жерге алғашқылардың бірі болып жеттім. Зардап шеккендердің арасында тіршілік белгісі байқалмаған қыз бала болды. Қызыл Айдан алған дағдыларымның арқасында оның тынысы қалпына келгенше жүрек-өкпе реанимациясын жасадым. Екінші қыздың сынған қолын бекітіп, ауруханаға жетуіне көмектестім. Сол күні алғашқы көмек дағдылары адам өмірін сақтап қала алатынын түсіндім. Біздің қатарымызға қосылыңыз — бірге әлемді сәл де болса мейірімді ете аламыз.

block image

Менің атым Серікбай, жасым 68

Мен өмір бойы электрик болып жұмыс істедім. Инсульттен кейін маған II топ мүгедектігі белгіленді, бірақ қарапайым нәрселерден қуаныш табуды жалғастырып келемін. Қазір домбыра мен баян тартқанды ерекше жақсы көремін — музыка маған әрдайым күшімді және көтеріңкі көңіл күйімді сақтауға көмектесті. Ұзақ әрі бақытты өмір сүрген жұбайымды жиі еске аламын. Қазақстанның Қызыл Айы маған көңіл бөліп, қамқорлық көрсеткені үшін алғыс айтамын. Осындай ізгі істер тіпті азық-түлік түріндегі көмектің өзі адамға тыныштық пен жалғыз емес екенін сезіндіре алатынын көрсетеді.

70 000+

төтенше жағдайдан зардап шеккендер гуманитарлық көмек алды

109 000

адам алғашқы медициналық көмекке үйретілді

450 000+

адам қажетті заттармен қамтамасыз етілді

415

Көру қабілеті нашар адамдарға гаджет пен кеңістікте бағдарлану үйретілді